+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістанда екі отбасы табиғи газға тегін қосылды

2020 жылғы 20 мамыр 11:08
Бөлісіңіз:
Түркістанда екі отбасы табиғи газға тегін қосылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданында көпбалалы ана мен тұрмысы төмен екі отбасы көгілдір отынға тегін қол жеткізді. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
25 жасында бес баланы бауырына басқан жамбылдық Алтынай туралы білесіз бе Алматы облысының полицейлері көпбалалы отбасына көмек көрсетті Ақсай қаласында ғимаратта газ жарылып, бір адам мерт болды

Игі істі Рамазан айында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «ҚазТрансГаз» АҚ жүзеге асырды. Ортақ газ құбыры үйіне келіп тұрса да, тапшылық қол байлау болған олар бірер уақыттан бері газға қосыла алмай келген.

Жалпы, шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында облыс, қала әкімдіктері газ таратушы мекемелерімен бірлесіп тұрғындарға табиғи газ жүйесіне қосылу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Оған қоса, қатты отын пайдаланатын барлық моншалар, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру көзделіп отыр. Бұл бағытта да түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде әлеуметтік және кәсіпкерлік 9 нысан табиғи газға ауыстырылған.

Облыс орталығын газдандыру мәселесі Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін Түркістан қаласын 100 пайыз газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Бүгінде қала тұрғындарының 41% табиғи газбен қамтылған.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT