Түркістанда дүкен тонаушы жәбірленушілерге 1,5 млн теңге шығын келтірген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда дүкендерді тонап жүрген күдікті ұсталды. Қазірдің өзінде сезіктінің 11,5 млн теңгеге жуық шығын келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктіні ұстауға дүкендердің бірінің иесі қалалық ішкі істер басқармасына арыздануы себеп болған. Оның сөзінше, түнгі уақытта белгісіз біреулер дүкенге терезе арқылы кіріп, ондағы ақшасы мен ұялы телефонын, сондай-ақ азық-түліктерін ұрлап кеткен. Сөйтіп жәбірленушіге 240 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

 Бұл оқиғадан соң,  Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлері 25 жастағы жергілікті  тұрғынды қолға түсірді. Тергеу кезінде ол  барлық  ұрлық қылмыстарын  тек Түркістан қаласындағы азық-түлік дүкендерінде жасағанын мойындады. Айтуынша, түнгі уақыттарда  пластик терезелерді бұзу арқылы ішке кіріп, ондағы ақша, бағалы заттар мен азық-түліктерді жымқырып кетіп жүрген.  Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, аталған қылмыстық іс бойынша   жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен сотқа жолданды. 

Соңғы жаңалықтар