Түркістанда дүкен өртеніп, бір адамның денесін күйік шалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда қалалық базардың маңайында шаруашылық мақсаттағы құрылыс пен дүкен өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде оқиға болған орынды көрсететін видеолар тарап кеткен. Төтенше жағдайлар комитетінде мәлім еткендей, өрт жер үйдің ауласында болған. Шаруашылық мақсатындағы құрылыс пен дүкеннің шатыры қызыл жалынға оранған. Өрттің аумағы 124 шаршы метр аумақты қамтыған.

«Өрт сағат 15.50-де ауыздықталып, 16.45-те түгелдей тоқтатылды. 38 жастағы ер адамның денесін күйік шалып, ауруханаға түсті», - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өртке темекі шеккен кезде қауіпсіздік шараларын дұрыс сақтамау себеп болған.

Соңғы жаңалықтар