+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Түркістанда «Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі өтуде

2019 жылғы 4 қараша 17:47
Бөлісіңіз:
Түркістанда «Craftsman-2019» халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі өтуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда республика деңгейінде алғаш рет халықаралық қолөнершілер жәрмеңкесі өтуде. Қала күніне орай ұйымдастырылған шараға еліміздің өңірлерімен бірге Иран, Үндістан, Ресей Федерациясы, Ауғанстан, Өзбекстан, Түркия, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Тәжікстан, Башқұртстан, Якутия елдерінен 200-ге жуық қолөнерші қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарлық ақын Абайдың өлеңіне ән жазды СҚО-да үздік баспасөз хатшысы анықталды Қазақстанда Абай күнін белгілеу ұсынылды

Ауқымды шараға сонымен бірге ҚР «Қолөнершілер бірлестігі», Нұр-Сұлтан қаласының «Қадам өнер орталығы», «Дешті Арт» бірлестігінің, «Әзербайжан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновация мемлекеттік агенттігі жанындағы ABAD» қоғамдық құқықтық заңды тұлғасы мен Қырғызстан Республикасының «Алаш» қолөнершілер бірлестігі де арнайы шақырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық жәрмеңке ұлттық қолөнерді дамыту арқылы Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі ірі ұлттық қолөнер орталығына айналдыру мен этникалық туризмді дамыту мақсатында өтуде. Іс-шара аясында алаша тоқудан, керамика, тері, темір және шыныдан қолөнер бұйымдарын жасау бойынша шеберлік сабақтары өтіп, қазақтың ұлттық киімдерінің көрсетілімі ұсынылады деп күтілуде.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында қазақ халқының әлемдік өркениетке қосқан үлестері туралы айтқан болатын. Ал, ұлттық мәдениетті, дәстүрді және болмысты сақтауда қолөнердің де маңызы зор саналады. Бұл бағытта Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласының тарихи және идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша 4 бағытты ұсынған болатын. Сол бағыттардың бірі – «Түркістан – әлемдік деңгейдегі шеберлер орталығы» деп аталады.

Осы жоспарға сәйкес, Түркістанда әлемдік деңгейдегі қолөнер орталығын және ұлттық қолөнер бұйымдарын сататын сауда орнын ашу көзделген. Ал, Түркістан төріндегі бұл жәрмеңке жоғарыда аталған міндетті орындау мақсатында өтіп отыр. Алтын адамдарымен, таңғажайып зергерлік бұйымдарымен, ат әбзелдерімен, металл қару-жарақтарымен, ұлы күмбездерімен танылған қазақ халқының әлемдік өркениетте алар орны ерекше. Жәрмеңке арқылы осы ұлы қасиеттерді жас ұрпақ бойына сіңіру де назарға алынған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT