Түркістанда бұқар бұғылары төлдеп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістан қаласынан 32 шақырым қашықта орналасқан тұқымбақта бұқар бұғылары төлдеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2000 жылы Сырдария өзенінің жағасындағы мемлекеттік орман қоры аумағынан Бұқар бұғылары тұқымбағы құрылған болатын. Алғашында мұнда 17 бұғы болған. 22 жылдың ішіндегі олардың саны 200-ге жуықтап отыр. Ал, бейресми мәлімет бойынша бұғылардың саны бұдан екі-үш есе көп көрінеді. Себебі, жабайы табиғатта мекендейтін бұғылардың іздері көршілес аудан аумағынан көп байқалған.

«Өткен жылы 20-ға жуық бұғы төлдеген болатын. Биылғы төлдердің санын енді есептейміз. Қазір аналығы балаларының қасына жолатпайды. Төлдері де тығылып жатады», - дейді «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі Түркістан филиалының туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің меңгерушісі Қайрат Кәрібаев.

Тұқымбақ Түркістан қаласынан 32 шақырым қашықта орналасқан. Арнайы қоршалған мекенде арнайы бұғышылар қызмет атқарады. Олар бұғыларды қоректендіріп, қарап жүреді.



Соңғы жаңалықтар