Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.38 EUR 431.05
RUB 6.02 CNY 55.00
Jańalyqtar

Түркістанда биылғы алғашқы үшемдер дүниеге келді

2019 жылғы 11 ақпан 17:45 891
Бөлісіңіз:
Түркістанда биылғы алғашқы үшемдер дүниеге келді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биылғы алғашқы үшемдер дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, №1 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері небәрі бір жарым, екі келі салмақпен туылған нәрестелерді 20 күн бойы қадағалап, жетілдіріп барып бүгін перзентханадан шығарды.  

Қазығұрт ауданының Қазығұрт ауылынан №1 облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген 29 жастағы Жадыра Абдалиеваға шұғыл түрде ота жасалып, дәрігерлердің көмегімен босанған. Үшеуі де ұл бала. 
Түркістанда биылғы алғашқы үшемдер дүниеге келді 

 «Айы-күні толмай туылған сәбилердің салмағы небәрі (1700 грамм, бойы - 40 см, 2000 грамм, бойы - 42 см, 1700 грамм - бойы 48 см). Дәрігерлер аман алып қалған үш ұл бала өкпесі дұрыс дамымай туылғандықтан үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Төрт күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан үшемнің беті бері қарап, алдағы бір айды арнайы күтім жасайтын бөлімшеде өткізді. №1 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде салмақ қосқан», - дейді орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Гүлжанар Идерова.
Түркістанда биылғы алғашқы үшемдер дүниеге келді  

Айта кетейік, үшем ата-анасының тұңғыштары. Жадыра Абдалиеваның жақындары сәбилерді Аян, Саян, Аман деп атаған. Бүгінде нәрестелердің өміріне еш қауіп жоқ. 
Түркістанда биылғы алғашқы үшемдер дүниеге келді

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT