Түркістанда биыл ерекше туристік кешен ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады. Облыс басшысы жаңадан салынып жатқан басқармалар ғимараты мен драма театры, Қ.А.Яссауи музейі мен Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Көне шаһарда сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Түрік компаниясы салып жатқан нысан әлемде теңдесі жоқ саналады.

Туристік кешенде заманауи қонақ үйлер мен шығыс базары, мейрамханалар іске қосылады деп күтілуде. Кешен орталығынан жасанды көл жасалып, бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталады. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар