Түркістанда биыл әлемде теңдесі жоқ туристік кешен ашылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында жүріп жатқан әкімшілік, әлеуметтік нысандардың құрылыс қарқынын бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Түркістан қаласындағы басқармалар ғимараты мен драма театрының, Қожа Ахмет Ясауи музейінің, Ұлы Жібек жолы қолөнершілер Ұлттық орталығы ғимараттарының құрылыс алаңдарында болды. Құрылыс жұмыстары аяқталып қалған нысандарда ішкі әрлеу, техника мен жиһаз орнату және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.


Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Sembol construction» түрік компаниясы қолға алған «Керуен-сарай» көпбейінді туристік кешен құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 39 млрд теңге тұратын әлемде теңдесі жоқ туристік кешенде заманауи қонақ үйлер, шығыс базары, мейрамханалар іске қосылып, жасанды көл пайда болады. Бірегей жобада көне шаһардың көрінісі сақталған. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп күтілуде.


Соңғы жаңалықтар