+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Түркістанда биыл 11 нысан пайдалануға беріледі

2019 жылғы 23 қазан 13:10
Бөлісіңіз:
Түркістанда биыл 11 нысан пайдалануға беріледі

НҰР-СҰЛТАН - ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде баспасөз конференциясын өткізді. Ол өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы және сан түрлі салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеліктер мемлекеттік бағдарламалардың арқасында баспаналы болды Таразда тоқсан пәтерлі 9 қабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді Қызылордада 2020 жылы шыны зауыты іске қосылады

«Өздеріңіз білетіндей, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына небәрі бір жылдан аса уақыт өтті. Ежелгі түркі әлемінің талбесігі – Түркістан Елбасының стратегиялық маңызы зор шешімінен кейін дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар өңірдің тыныс-тіршілігі жаңаша қалыпқа еніп, облыс орталығы – Түркістан алып құрылыс алаңына айналды», - деген өңір басшысы құрылыс жұмысы талапқа сай жүріп жатқанын жеткізді.

Қазір көне шаһарда өңір әкімдіктері, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері тарапынан 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Әкімшілік-іскерлік орталығында облыс әкімдігінің, басқармалар ғимараттары мен Конгресс-холл және медиаорталықтың, Нұр-Сұлтан алаңы, Қ.А.Яссауи мұражайы, оқушылар сарайы, стадион, музыкалық мектеп пен цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт-сити байланыс желілері, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі мен қалалық саябақ, туризм бағытындағы колледж және халыққа қызмет көрсету орталығы бой көтеруде. Биыл 11 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Ал әкімшілік-іскерлік орталықта жалпы 2351 пәтерлік 52 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қараша айында 205 пәтерді құрайтын 7 үйдің құрылысы аяқталады.​ Жоспар бойынша қалған 610 пәтерлік 19 үй жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.









Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT