Валюта бағамдары:
    usd/kzt 465.95 eur/kzt 485.43

    rub/kzt 7.72 cny/kzt 65.28
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: +2+4℃
  Jańalyqtar  >

Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

2021 жылғы 31 мамыр, 22:35

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, 27 жастағы келіншек қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бала сатуға әрекет жасау қылмысы кезекті мниторинг жүргізу барысында анықталған.

«Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 135 бабы 2- бөлігі 12 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті», - делінген хабарламада.


Автор:

Айнұр Ақбаева

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары