+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Түркістанда баспанаға сұраныс артты

2020 жылғы 15 қазан 21:08
Бөлісіңіз:
Түркістанда баспанаға сұраныс артты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында карантин режиміне қарамастан облыс орталығында құрылыс жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда. Атқарылып жатқан жұмыстарды көріп шыққан облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылысшыларға тұрғын үйлердің сапасына мән беруді және мерзімінде аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қаласы әкімдігінің мәліметінше, әкімшілік-іскерлік орталығында 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 22-ің құрылысын аяқтау қараша айына жоспарланған. Бұған қоса, 12 қабатты 45 тұрғын үйдің қабырғасы көтерілуде. Бұл үйлер 2021 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Түркістандықтарды баспанамен қамтамасыз ету үшін ипотекалық тұрғын үйлердің қатары артпақ. Құрылысы қарқын алған әлемде теңдесі жоқ «Керуен Сарай» туристік кешенінде Шығыс базары, этникалық үлгідегі мейрамханалар мен қонақ үйлер салынуда. Көпсалалы сарайда көне шығыс театры, ұлттық дәмханалар, жасанды көлдер, саябақтар салу жоспарда. Шеберлер көшесінде кәдесыйлар сататын шеберханалар сап түзейді. Облыс орталығындағы «Желілік саябақ», «Аттракциондар саябағы», «Оқушылар сарайы», «Конгресс орталығы», «Жабық бассейні бар спорт сарайы», «Орталық стадион» және «Қ.А.Ясауи мұражайы», «Драматеатр» ғимараттары биыл ел игілігіне берілетін болады. Бұдан өзге, облыс орталығындағы рухани-мәдени орталықты абаттандыру мақсатында ірі жобалар қолға алынып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT