Түркістанда БАҚ өкілдері табиғат аясында семинар өткізіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы облысында «Turkistan media talks: БАҚ және трансформация» тақырыбында семинар-тимбилдинг өтіп жатыр. Өңірлік Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған шара аймақтағы журналистердің біліктілігін көтеріп, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің халықпен және БАҚ өкілдерімен кері байланысын нығайту мақсатында өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғат аясында өткен тимбилдингке облыстың аудан, қалаларының ішкі саясат бөлімі, жастар ресурстық орталығының директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысуда. Еркін форматтағы шараға кәсіби мамандар, танымал спикерлер - Гарвард университетінің түлегі, «Мазмұндама» қорының төрағасы Шыңғыс Мұқан мен Atameken TV интернет-маркетинг бөлімінің басшысы Жанасыл Болатбек, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Жанар Тулегенова мен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Qazaqstan Team» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тележурналист Асхат Садырбай дәріс оқып, қатысушылармен қызу пікір-талас ұйымдастырып жатыр. Тимбилдингте «Коммуникациялық менеджмент: SMM және мемлекеттік органдар», «Резонансты жағдайдағы »алтын сағат« ережесі», «Адамдардың жадында жатталып қалардай жаңалық жасау», «SMM және қызықты контент қалыптастыру», «Еріктілер жылында жастардың рөлі», «Жергілікті жерлерде мемлекеттік гранттық қаржыландыруды енгізу» тақырыптары қозғалуда.

Соңғы жаңалықтар