Түркістанда азық-түлікті арзан бағада саудалайтын 13 әлеуметтік дүкен ашылған

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы тұрақтандырылуда. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы бірқатар базарлар мен Отырар ықшам ауданында санитарлық – эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жәрмеңке өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңке облыс әкімдігі мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен өтті. Онда 14 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері сатылымға шығарылды. Оның ішінде ұн - 130 тг, қант – 205 тг, картоп – 89 тг, сәбіз – 76 тг, пияз – 56 тг, рожки – 186тг, күріш – 245 тг, тұз – 43 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қолжетімді жасау мақсатында Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркет ашылған. Ал, азық-түлік тауарларының бағасы негізсіз өскен жағдайда, оның себептерін анықтау бойынша облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментіне тапсырма беріледі бағаны қолдан өсіргендерге тиісті шаралар қаралып отыр.


Соңғы жаңалықтар