+7 (701) 759 90 19
USD 448.01 EUR 495.86
RUB 5.64 CNY 63.19
Jańalyqtar

Түркістанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша мобильді топ іске кірісті

2020 жылғы 25 наурыз 08:41
Бөлісіңіз:
Түркістанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша мобильді топ іске кірісті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Махамбет Досмұхамбетов:  Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын үнемі бақылап отырмыз Өскемендік депутаттар дүкен аралап, азық-түлік бағасын тексеруде Түркістанда азық-түлік бағасын бақылау үшін жедел желі іске қосылды

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының Төтенше жағдайға байланысты көтерілуін болдырмау және оның алдын-алу шараларын қабылдау мақсатында мобильді топ құрылды.

Нәтижесінде Түркістан қаласындағы «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарларында көрші облыстардың көтерме сатып алушыларының ірі көлемде азық-түлікті сыртқа әкетуінен негізгі әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасы 30-40 теңгеге (40-60 пайыз) қымбаттап, тауар тапшылығы орын алғаны анықталды.

Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің жетекшілігіндегі Мобильді топ құрамына: облыстың аудан, қала әкімдері, кәсіпкерлік және сауда, ауыл шаруашылығы басқармалары, прокуратура, Түркістан облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту, Мемлекеттік кірістер, полиция, Экономикалық тергеу, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары және Кәсіпкерлік палатасының директоры, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері кірді.

Түркістан облысы аумағындағы сауда нысандардағы бағаның көтерілуін болдырмау іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмысшы топ толық құрамда базарларға шықты. Барлық кɵтерме таратушылармен сату бағасы белгiлендi. Кентау, Отырар және Созақ аудандарының əкiмдерi бастап келген кɵтерме сатып алушыларға қажеттi кɵлемiн тɵмен бағамен тиеп əкетуге жағдай жасалды. Сенбi, жексенбі күнгi базар нарқынан картоп-35 теңге (120-130); пияз, капуста-20 теңге (75-80) тɵмен. Ұн, макарон, май, күрiш, құмшекер т.б. бекiтiлген шектi мəн тɵңiрегiнде. Бағалар тұрақты. Базарларда адам саны қалыпты, дүрлiгу жоқ.

Одан әрі, мобильді топ Түркістан қаласындағы бірқатар супермаркеттерді аралап, азық-түлік дүкендердiң қалыпты қызмет iстеп жатқандығын, сатып алушылардың саны кɵп еместiгiн, азық-түлiк қорының жеткiлiктi екендiгiн жəне бағаның негiзсiз ɵспегеніне кɵз жеткiздi. Баға өсу фактілері бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті тарапынан тиісті шаралар қабылданды. Орын алған жағдайға байланысты, азық-түлік тауарларының бағасын өсірмеу және жасанды тапшылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тɵтенше жағдай кезеңiндегi талаптардың орындалуын қатаң сақтау ескертiлдi.

Мобильді топ Қызылорда облысының шекарасында орналасқан Сауран ауылдық округіндегі блок бекеттің жұмысымен, азық-түлік тасымалдау жағдайымен танысты. Жалпы бұл мәселелер облыс басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT