Түркістанда аулада ойнап жүрген 3 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда аулада ойнап жүрген 3 жасар бүлдіршін жоғалып кеткен. Баланы өздері таба алмаған соң ата-анасы полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел тергеу тобы жеткен.

«Жоғалған баланы іздеуге қалалық полиция басқармасының толық құрамы жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары сол ауланың маңын қарап шығып, жақын маңда да іздеу шараларын жүргізген. Нәтижесінде бүлдіршін Түркістанның бір көшесінен табылған» делінген хабарламада.

Тексеру кезінде балаға ешқандай зақым келмегені анықталған. Өз кезегінде перзентінің табылғанына қатты қуанған ата-ана Түркістан қалалық полиция басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Соңғы жаңалықтар