Түркістанда әуенді субұрқақ салынып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының облыс орталығы атану құрметіне Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жарық музыкалық субұрқақ нысанын сыйға тартпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәуір айының соңында басталған құрылыс алаңындағы жұмыс қарқыны қызу.

«МК корпорейшн» компаниясының учаске бастығы Жанат Қанапиннің айтуынша, жұмысшылар қауіпсіздігі мен сапа мәселесі бірінші орында.

Шымкент және Түркістан қалаларында өндірілетін құрылыс материалдарын пайдаланып отырған мердігер компания өкілдері Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген. Екі ауысымда жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті 33 азамат жұмысқа тартылған.

Әуенді субұрқақтың көлемі 3 891 шаршы метрді құрайды. Үстіміздегі жылдың қазан айында құрылысы толық аяқталады деп жоспарланған нысан 30-тамыз - Конституция күні қарсаңында пайдалануға беріледі.

Соңғы жаңалықтар