Түркістанда алкоголь өнімдерін заңсыз шығаратын 3 цех анықталды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді. Бұл туралы ҚазАқпара Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚМА Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан. Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар