Түркістанда алғаш рет самбодан жарыс өтіп жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда алғаш рет самбо күресінен жастар мен ересектер арасында жарыс өтіп жатыр. Сайысқа өңірдегі барлық қала-аудандардан 240 балуан қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен шара ел чемпионатына үздіктерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ақпан айында Ақтау қаласында өтетін жастар арасында ҚР чемпионаты және Семейде ересектер арасында ел чемпионатына үздіктерді іріктеу болды. Спортшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.

«Мен тек самбомен емес, дзюдо, қазақша күрес басқа да күрес түрлерімен айналысамын. Осы жарыста жеңіп, ел чемионатына шықсақ деген ниетім бар. Қазір 56 келіде күресемін. Қарсыластарымның барлығы осал емес екенін байқадым. Барлығының дайындалып келгені байқалады. Дегенмен алғашқы кездесуімде Келес ауданынан келген спортшымен белдесіп, 8:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жеттім»,-дейді Шардарадан келген балуан Бексұлтан Сырбек.

Жарыстың қортындысы бүгін, 23 қаңтарда белгілі болмақ. Оның жеңімпаздары ел чемпионатына жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар