Түркістанда алғаш рет «Махаббат, қызық мол жылдар» романы сахналанды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістандағы Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театры алғаш рет «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармасын сахналады. Спектекаль Әзілхан Нұршайықов романының желісі бойынша қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қойылымды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әзімхан Қойлыбаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары және театрдың тұрақты көрермендері бірге тамашалады. Роман желісінде сонау соғыстан кейінгі жылдардың оқиғасы яғни, албырт жастық, романтика, махаббат тақырыбы қозғалады.

Ақ пен қараның, адалдық пен арамдықтың, сұлулық пен дөрекіліктің қайшылығы өмірдің бітіспес күресі екені даусыз. Спектакльде соғыстан аман қайтқан Ербол мен адал да, сұлу, сезімі де өзі секілді мөлдіреген Меңтайдың арасындағы махаббат арқылы жазушы мәңгі жастықты бейнелейді. Олардың шынайы сезімі мен махаббаттары, бір біріне деген адалдығын шебер суреттеп көрсетеді. Спектакльде рөльдерді сомдаған әртістердің барлығы да кейіпкерлерін шынайы шығаруымен көрермендердің қошеметіне бөленді.



Соңғы жаңалықтар