+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Түркістанда алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті

2019 жылғы 22 қыркүйек 08:37
Бөлісіңіз:
Түркістанда алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті. Спорттық шараға Түркістан облысында орналасқан барлық құқыққорғау органдарының және заң саласының 300-ден астам қызметкері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда 400-ге жуық адам қайырымдылық марафонына қатысты Алматыда әйелдер арасында жүгіруден жарыс өтті Алты елдің желаяқтары Қарағандыдағы күзгі жартылай марафонға қатысты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған шара «Мейірімділік үлгісі» акциясы аясында өтті. Марафонға қатысқандардың арасында облыстық Полиция департаментінің бастығы, генерал Қ.Дәлбеков пен облыстық соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетовтер және басқа да лауазым иелері болды.

Әрбір қатысушы ерікті түрде 1000 теңгеден және одан жоғары қатысу жарнасын төледі. Киелі өңірде алғаш рет өткізілген қайырымдылық марафонында қатысушылар «Президенттік миль» - 2400 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Жарыс жеңімпаздары кубокпен және арнайы жүлделермен марапатталды.

Шара соңында марафоннан түскен 500 мың теңгеге жуық қаражат «Түркістан Жоғары медицина» колледжінде білім алып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдердің оқу ақысын төлеуге бағытталды. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында өткен шарадан түскен қаржы сондай-ақ, тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жұмсалды.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT