+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Түркістанда әлемнің 19 елінен келген редакторлар бас қосты

2017 жылғы 12 қыркүйек 11:16
Бөлісіңіз:
Түркістанда әлемнің 19 елінен келген редакторлар бас қосты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістанда түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресі басталды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Еуразия Жазушылар одағының қолдауымен өтіп жатқан басқосуға 19 елден 30-ге жуық редакторлар мен жазушылар, көрнекті мәдениет қайраткерлері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында ұйымдастырылып жатқан конгресс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Мәдениет орталығында өтуде. Шараның мақсаты - түркі халықтарының әдеби байланыстарын дамыту арқылы ұлттық тілдердегі қазіргі заманғы ақпарат алмасуын жетілдіру, әдебиет саласындағы үздік туындыларды, озық қаламгерлерді анықтау болып отыр.

«Түркістан - түркі мәдениетінің астанасы» мәдени жобасының аясында өткізілетін конгресс жұмысына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Якуб Омероглы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулет және т.б. әдебиет және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйлеуде.

Екі күнге созылатын шара бағдарламасы бойынша «2016 жылғы Түркі әлеміндегі жыл әдебиетшісі» сыйлығын тапсыру рәсімі өткізіліп, 2017 жылдың үздік әдебиетшісі анықталатын болады. Түркі әлемі әдеби журналдары редакторларының VІІІ конгресінде түркі тілдес халықтардың бүгінгі әдеби өміріндегі әдеби журналдардың қызметі сарапқа салынып, «Түркі әлемі әдебиетіндегі заманауи шығармашылық үрдіс және әдеби журналдар» тақырыбында семинар өткізіледі деп күтілуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT