+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Түркістанда әкімдік карантин кезінде онлайн тіркеудің жеңіл жүйесін қолдануда

2020 жылғы 24 сәуір 15:35
Бөлісіңіз:
Түркістанда әкімдік карантин кезінде онлайн тіркеудің жеңіл жүйесін қолдануда

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласы әкімдігі карантин уақытында қалада елдің келіп-кетіп, жүріп-тұруын онлайн тіркеудің қолайлы әрі жеңіл жүйесін енгізе бастады. Аталған шара «Астана мемлекеттік қызмет хабы» қолдауымен жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да фитнес орталықтар мен жаттығу залдары қайта ашылады СҚО-да бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты Қостанай облысында қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады

«Хаб өз миссиясына сай инновациялық шешімдерді зерделеу негізінде бірқатар елдерде пандемия кезінде қолданылған жаңа технологиялар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға береді. Мәселен, Әзербайжан, Грекия, Біріккен Араб Әмірлігіндегі азаматтардың қозғалысын тіркейтін онлайн жүйелер туралы ақпаратты Қазақстан үкіметіне, министрліктеріне, мекемелер және әкімдіктерге жолдаған. Түркістан қаласы әкімдігі әзербайжандық тәжірибені қолданып, азаматтардың қозғалысын тіркейтін онлайн жүйені жасап шықты. Оның көмегімен Түркістан тұрғындары мынадай мақсаттар бойынша жүруге онлайн режимде рұқсат ала алады: азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек сатып алу; шұғыл медициналық және емдеу қызметтерін алу; халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарына жұмысқа шығу; аза тұту процесіне қатысу. Бұл инновациялық шешімді Әзербайжан Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар бойынша мемлекеттік агенттігі Хаб сұрауы бойынша ұсынған», - делінген баспасөз баянында.

«Түркістан әкімдігі бастамасы - азаматтардың мүддесі үшін ақпараттық технологияларды қолданудың үлгісі. Бұл шешім халықаралық тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетіп отыр», - деп атап өтеді Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов.

Пандемия жағдайында жаңашыл идеяларды енгізу бойынша ақпарат алмасудың айрықша маңыздылығын ескеріп, Хаб арнайы онлайн платформа жасады. Жаһандық қауіп-қатерге тойтарыс беруде практиктер Альянстары қатысушыларын осы виртуалды алаңда инновациялық шешімдер, әдіс-тәсілдер, қолданбалы технологияларымен бөлісіп отыруға шақырады.

Бұл ретте Әзербайжан, Армения, Қазақстан және Корея Республикасынан сараптамалық материалдар келіп түсті. Онда цифрландыру, медицина, қашықтықтан оқыту және экономика саласында Үкіметтер мен IT-компаниялардың пандемияға қатысты қабылдаған шаралары қамтылған. Бұл материалдар Хабқа қатысушы-елдер арасында таратылады. Бұдан басқа, Хаб сайтында (Coronavirus (COVID-2019) деректер базасы құрылды. Онда коронавирус пандемиясына байланысты статистикалық көрсеткіштері және басқа да фактілермен бірге мемлекеттердің есептері бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT