Түркістанда әкімдер мен мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киім киіп келді

2023 жылғы 15 наурыз, 14:15
Түркістанда әкімдер мен мемқызметшілер жұмысқа ұлттық киім киіп келді Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Наурыз мерекесі 10 күн бойы елдің еңсесін көтеретін игі іс-шаралармен өрнектеліп жатыр. Бүгін, 15 наурызға «Наурыз – ұлттық дәстүр мен меймандостық мерекесі» деген айдар тағылып, барлық аудан-қалада әкімдіктер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері жұмысқа қазақтың ұлттық киімін киіп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен киімімізді дәріптеуге арналған бастаманы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастап берді.

Әріптестерін келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаған өңір басшысы облыс әкімі аппаратының кезекті отырысын өткізді.

photo

photo

– Сіздерді ұлттық киімде көріп көңілім көтеріліп кетті. Ұлттық киім мемлекеттік қызметшінің болмысын ерекше етіп көрсетеді. Мәдениетіміз бен дәстүрімізді қолдаған жөн. Наурыз жақсылығымен келіп, халқымыздың берекесі арта берсін, – деген Дархан Сатыбалды күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, тапсырма берді.

photo

Облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, аудан, қала әкімдері мен әкімдік ұжымдары да жұмысқа ұлттық киіммен келіп, бастамаға қолдау көрсетті.

Түркістан өңірінің мемлекеттік қызметшілері алдағы уақытта да ұлттық киім киюді дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

photo

photo

photo

photo

photo

photo

photo

photo


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar