Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Түркістанда Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамхана өртенді

2022 жылғы 16 маусым 13:29

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы «Жеті тандыр» мейрамханасы өртенді. Тілсіз жау қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын ғимараттың екінші қабатынан шыққан.

Сөйтіп ғимараттың шатырына қарай өткен.

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ» делінген хабарламада.


Автор:

Айнұр Ақбаева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары