+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістанда адалдық құндылығына негізделген «Әділ сөйлеп, адал жүр» атты жаңа мурал салынды

2020 жылғы 14 шілде 15:43
Бөлісіңіз:
Түркістанда адалдық құндылығына негізделген «Әділ сөйлеп, адал жүр» атты жаңа мурал салынды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда адалдық құндылығына негізделген «Әділ сөйлеп, адал жүр» атты жаңа мурал салынды. Бұл бастама ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Қыдырбаев: Жемқорлар өз әрекеттерінің немен аяқталатынын  жете түсіне бермейді Елорданың жемқорлықпен күрес органдары 7,4 млрд. теңгені үкіметке қайтарды Елордада жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты 82 қылмыс тіркелді

Облыс орталығындағы «Отырар» ықшамауданында орын тепкен көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген. Биіктігі 15 метрді құрайтын композицияның негізгі ерекшелігі ұлы ақынның «Әділ сөйлеп, адал жүр» деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.

Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, бұл жаңа туынды қала тұрғындарының арасында әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ. Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты асыл сөздерінен бастау алған бұл келелі бастама алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан-қалаларда өз жалғасын таппақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT