Түркістанда «Адалдық елшілері» жобасының белсенді жастарымен кездесу өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Адалдық елшілері» жобасының  белсенді жастарымен ашық кездесу өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығында өткен келелі басқосуды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекші маманы Ақтөре Талғатұлы жұмыс барысын кеңірек баяндап, тұрмыстық жемқорлықты жоюға бағытталған шаралардың қоғам дертінің алдын алуда айрықша маңызға ие екендігін жеткізді. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күрес жүргізу бойынша атқарылатын ауқымды жұмыстарды жіті түсіндіріп, ерікті жастарды біріге жұмыс істеуге шақырды.

Кездесуде ел жастары әлеуметтік індетті жоюға бағытталған креативті ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты. Алдағы уақыттағы жұмыстардың өзектілігін талқыға салды.

Айта кетейік, «Адалдық елшілері» биылғы сәуір айында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында облысқа қарасты барлық қала, аудандардың ерікті жастарынан құрылған болатын.

Адалдық құндылығын қалыптастыруға бағытталған кездесудің мақсаты – қоғамда ашықтық пен әділдікті насихаттаудың үздік жолдарын қарастыру, жобалық кеңсенің жұмысын белгіленген межемен жүргізу бойынша бірқатар ұсыныс, пікірлер алмасу және аталмыш жоба мүшелеріне жыл соңына дейін қала, аудандарда атқаратын жұмыс жоспарын таныстыру болды.

Соңғы жаңалықтар