Түркістанда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық слеті өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда «Адал ұрпақ» еріктілер клубтарының облыстық слеті өтті. Басқосуды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев пен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев және барлық қала-ауданнан келген мыңға жуық оқушы қатысты. «Елдің ертеңі болашақ ұрпағымызды кішкентайынан Отан сүйгіштікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көрегенділік пен адалдыққа тәрбиелеу парызымыз. Бұл — біздің халқымызда ежелден бар ұлы қасиет. Сондықтан әр ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі қажет»,- деді Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев. Сондай-ақ, Ғ.Жүндібаев адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып отырған облыстық Слетта барлық ұстаздарға оқушылардың бойына адалдық пен рухани байлықты дарытуда қосып жүрген еңбектері үшін Алғыс білдіріп, балаларға адалдық пен мейірімділік және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруда ата-аналары мен ұстаздарынан тиісті үлгі алу керектігін, сабақтарын жақсы оқуға, тәртібі жақсы озат оқушы болуға шақырды. Іс-шара барысында өңірдегі «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының арасында шеру мен флешмоб, қол өнершілер көрмесі мен шахмат ойындары, сурет салу және бейнеролик конкурстарының жеңімпаздары марапатталды. Оларға сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды. Айта кетейік, бүгінгі күні облыстағы мектептерде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтаудағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдемдесетін 903 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылып, онда 300 мыңнан аса жас өрендер мүшелік етеді.

Соңғы жаңалықтар