Түркістанда 825 адам кәсіптік даярлықтан өтпек

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының әкімдігінде шаһар басшысы Рашид Аюповтың төрағалығымен апталық мәжіліс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мәжілістің күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, қосымша бюджеттің игерілу болжамы да кеңінен айтылды.
Сала мамандарының мәліметінше, облыс орталығында 2800 пәтерлік 75 көпқабатты үй бар. Оның 1219-ы табиғи газ пайдаланса, 1241 пәтерге ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілген. Қалған 340 пәтерге газ құбыры тартылмай, газ баллондарын пайдаланады. Қала басшысы мұны ескере отырып, барша тұрғындардың табиғи газды тұтынуын қадағалауды тапсырды.
Жиында сондай-ақ, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Казиханов тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары бойынша негізгі көрсеткіштердің жоспары мен орындалу барысын баяндап өтті.
Оның дерегінше, қала бойынша жалпы 3686 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған. Оның ішінде санаттары бойынша жұмыссыздар – 1327, өздігімен жұмыспен қамтылғандар – 627, ал жұмыс іздеушілер – 1252 адамды құрап отыр.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде техникалық, кәсіптік біліммен және қысқы мерзімді қайта даярлауға жалпы 825 азамат жоспарланған. Нәтижесі 100-ден жоғары пайызды қамтып отыр. Нақты айтсақ, олар аспаз, даяшы, электромонтер, дәнекерлеуші, құрылыс шебері, тігінші сынды мамандықтар бойынша орта арнаулы оқу орындарында білім алуға жолданған»,- деді бөлім басшысынің міндетін атқарушы.
Мәжілісте сонымен қатар, әкім аппараты, құрылыс, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты жергілікті бюджеттің болжамды игерілуі бойынша да ақпарат айтылды.
- Елордада көпбалалы аналарға алтын және күміс алқалар табыс етілді
- Түлкібаста аналар саябағы бой көтеруде
- Мүмкіндігі шектеулі адамдар басшылық лауазымдарға тағайындалады
- Еңбек министрі: 30 мың ер адам жұмыс істемей, АӘК-пен күн көруде
-
Қостанайда ерекше балаларға арналған оңалту орталығы ашылды
-
Сенат міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты заңды қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам