Түркістанда 800 шаршы метр жиһаз шығаратын шеберхана өртеніп кетті

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда жиһаз шығаратын шеберхана өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін күндіз сағат 15:26-да тұтанған. Оқиға орнында жедел штаб тобы құрылып, жұмыс істеуде. Өрт сағат 16:36-да оқшауланды.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада жиһаз заттарының өртеніп жатқаны анықталды. Өрттің көлемі алдын ала болжам бойынша 800 шаршы метрді құраған. Ал, қойманың жалпы ауданы 2300 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген хабарламада.
Жергілікті халық жұмылып, шеберханадағы заттарды сыртқа шығаруға көмектесті. Айта кетейік, шеберхана жеке үйлердің ортасында орналасқандықтан тұрғын үйлерге қауіп туған.


Соңғы жаңалықтар