Түркістанда 500-ден астам заң өкілдері халықаралық жиында бас қосты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында «Сотқа дейінгі іс жүргізу: шындығы және жетілдіру жолдары» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

500-ден астам заң өкілдері қатысқан басқосу сотқа дейінгі іс жүргізудегі және құқық қолданудағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау мен халықаралық тәжірибелерді зерттеу, сондай-ақ бірыңғай процессуалдық бастамаларды жүзеге асыру мен тиімді тәсілдерді әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды,


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша

департаменті бастамасымен және Түркістан облысы әкімдігінің ұйтқы болуымен өткізілген шараға қатысушылар қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізудің тәртібі туралы орамды ойларын ортаға салды.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Н.Шабдар мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.Қалқаманов қатысқан халықаралық жиында Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген уәкілетті органдар мен еліміздегі Жоғары соттың, Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері заң аясында диалогтық алаң құрып, үздік тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық конференция барысында Департаменттің бастамасымен түсірілген «1424» фильмі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жас суретшілер арасында өткен сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды.


Соңғы жаңалықтар