Түркістанда 5 метрлік кәуап дайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда ұзындығы 5 метрлік кәуап дайындалып, қонақтарға таратылды. Сондай-ақ, бір қазанда жеті түрлі палау демделді. Ерекше тағамдар фестивалін Түркістан облыстық турзим басқармасы мен қалалық кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көне шаһардағы фестивальге 12 дәмхана мен мейрамхана, кондитерлік өнімдер шығаратын 7 цех қатысты. Кәсіпкерлік нысандар қонақтарға түрлі тағамдар ұсынды. Мәселен, қатысушылардың бірі ұзындығы бес метрлік кәуап әзірлеу арқылы көпшілікті таң қалдырды.

Аспаздардың айтуынша, дәмді кәуап еттартқыштан өткен (фарш) және кесектеліп туралған еттен пісірілген.

Шараның мақсаты - киелі қалаға келген туристерге түрлі тағамдар ұсынып, естен кетпес естеліктер қалдыру. Жеңімпаз атанған қатысушыға бизнесін дамыту үшін жер телімі берілмек.

Соңғы жаңалықтар