+7 (701) 759 90 19
USD 402.37 EUR 449.81
RUB 5.86 CNY 56.67
Jańalyqtar

Түркістанда 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алу тәртібі түсіндірілді

2020 жылғы 31 наурыз 22:06
Бөлісіңіз:
Түркістанда 42 500 теңге көлеміндегі көмекті алу тәртібі түсіндірілді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында мемлекет тағайындаған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті кімдер ала алатыны түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева төтенше жағдай кезіндегі азаматтарға төленетін әлеуметтік төлем бойынша түсіндірме жасады.

Әсия Темірбаеваның айтуынша, әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтар қатарына мына санаттар жатады:

1)шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысшылары

2)дара кәсіпкерлер;

3)жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар;

5) міндетті зейнетақы жарнасын төлеген жеке тұлғалар.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібіне келсек, жұмыс беруші төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін жасақтап, аудандық қалалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға өтініш ұсынады немесе адамдардың өздері «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жергілікті органға өтініштерін бере алады.

Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту мәселелері жергілікті органда өтініш тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны аудандық қалалық штабтың қарауына шығарады не аудандық қалалық штабтың қорытындысына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне ұсынады. Қор филиалы бір жұмыс күні ішінде шешім жобасымен электрондық іс макетін қарайды және әлеуметтік төлемдер тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Төтенше жағдайда жұмыссыздықты азайтып, қайта жұмыс орындарын көбейтуде Түркістан облысында біршама жобалар қолға алынады.

Мәселен, инфраструктуралық жобаларды іске асыруға облысұа 86,8 млрд. теңгегежуық қаржы бөлініп, 778 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT