Түркістанда 200-ден астам нысан салынып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен кездесіп, нысандарды белгіленген кестеге сәйкес мерзімінде аяқтауды тапсырды. Баспананың сапасын басты назарда ұстауды ескертіп, абаттандыру жұмыстарының барысына мән беру керектігін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Түркістанда 200-ден астам нысан салынып жатыр. Аймақ басшысы рухани астанадағы бірқатар құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынған. Тұрғын үйлердің құрылысы талапқа сай жүріп жатыр. Жаңадан бой көтерген үйлердің ауласына балалар алаңқайлары салынып, абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.

«Қазіргі таңда Түркістан қаласында инвестициялық жобалардың саны артуда. Құрылыс компанияларының басшыларымен кездесудің маңыздылығы белгілі. Жаңа нысандардың талапқа сай салынып, өз мерзімінде тапсырылуына күш саламыз», – дейді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Қалада бой көтерген 12 қабатты 39 үйдің құрылысы наурыз айында толық аяқталады. 7 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, сатылымға шығарылған. Баспанаға қолжетімділікті арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің пәтерлері «Отбасы банк» арқылы және «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғындарға ұсынылады. Былтыр жалпы алаңы 600 мың шаршы метрден асатын тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс орталығында қазіргі таңда бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылысы жүруде.


Соңғы жаңалықтар