Түркістанда 2 әйелді көлікпен қағып қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Фото:
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда жүргізуші жаяу жүргіншілер жолынан 2 әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 2 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайлары орташа деп бағалануда.

Оқиға орнын қарау барысында белгісіз автокөліктің айна сынықтары, тағы басқа да дәлелдемелер алынып, соның нәтижесінде адам қаққан көлік иесі анықталды. Көлігі айыптұраққа қойылды.

Тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар