Түркістанда 1570 шетелдік көлік тіркеу талаптарына сәйкес келмейді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 1570 көліктің құжаты тіркелу талаптарына сәйкес келмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы, өңірде бүгінгі күнге дейін 2800-ден астам тұрғын шетелдік көлігін тіркеу туралы өтініш берген.

Барлық талапқа сай келген 396 шетелдік көлік толық бақылаудан өтіп, қазақстандық нөмір алды. Оның ішінде 393-і Ресей Федерациясының көлігі болса, қалған 3-еуі Армения мемлекетіне тиесілі. Ал, 1570 көліктің құжаты тіркелу талаптарына сәйкес келмеген.

«Акция 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатынын ескертеміз. Сондықтан елімізге 2022 жылдың 1-қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді рәсімдеп алуға болады. Тіркеу үшін көлік иесінен өтініш, жеке куәлік, көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат қажет» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұдан алдын Түркістанда заңдастыруға келген шетелдік көліктер ішінде Nexia маркасы көп тіркеліп жатқанын жазған болатбыныз.


Соңғы жаңалықтар