Түркістанда 155 мемқызметші әкімшілік айыппұл төледі

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Былтыр Түркістан облысында 155 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аймақта Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 45 мемқызметші тәртіптік жазаға тартылған.

«Биылғы 22-ақпанда мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексінің жаңа редакциясы бекітілді. Мәселен, енді мемқызметшілерге әдеп стандарттары үшін жазалау тек қызметтік әдеп нормаларын бұзғанда ғана жүзеге асырылмақ. Жалпы, басшыдан бастап барлық қызметкерлер бірдей мемлекеттік қызметшіге теңестіріледі. Жаңа кодексте мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларына 6 қағидат енгізілді. Атап айтқанда, адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану», - деді Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев.


Соңғы жаңалықтар