Түркістанда 150-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері таратылды
«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, жақсылыққа жаны құмар жандардың бұл әрекеті — көпке үлгі боларлықтай. Тағылымы мол іс-шара республикалық «Biz birgemiz» акциясы аясында өз жалғасын табуда. Тұрмысқа қажетті ас-суды таратуға «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары мен еріктілер де жәрдем берді. Қайырымдылық шараның шарапатын көрген жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
«Өңірдегі тұрмысы төмен жанұяларға азық-түлік себеттерін табыстауды дәстүрге айналдырдық. Әрине, қайырымдылық шарасын елдің алғысын алу үшін ұйымдастырып отырмыз. Бұдан бөлек, қаладағы саябақтарға көшет отырғызып, облыс орталығын жасыл қалаға айналдыруға атсалысып келеміз. Мақсатымыз — қаланың гүлденуіне үлесімізді қосып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыруға көмек беру», - дейді «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Дәурен Тәңірбергенов.