Түркістанда 15 мыңнан астам оқушы лагерьде демалып қайтты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру мақсатында қала сыртында 24 лагерь және мектеп жанында 905 лагерь жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда 4 ауысыммен бала қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерьлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Тағы 17 мыңға жуық бала шілде, тамыз айларында аталған лагерьлерде демалады. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерьде 193 мыңнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізген. Бұл - өңірдегі оқушылардың 32,2 пайызы.      

Сонымен қатар, облыстағы бес балалар үйінің 350-ге жуық тәрбиеленушісі жаз бойы Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде демалады.

Бұған қоса, жаз бойы балаларды экскурсия, саяхатқа апару жұмысы жалғасын табуда. Мәселен, республикалық өлкетану акциясы аясында 200 бала Астана қаласына саяхатқа жіберілді. Ал, туған елдің мәдениеті мен тарихын неғұрлым терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айының 2-9 аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына саяхатқа барып қайтты. Сонымен қатар, өңірдің  тарихи мұражайларына саяхат жасау мақсатында «Облыс тарихы» атты үш күндік керуен-шеруі акциясы өткізіліп, оған облысымыздан аз қамтылған отбасыдан шыққан 150 оқушы қатыстырылды.

Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды сауықтыру және демалыс шараларымен қамту үлесі 95-ға пайызға жетпек.

Соңғы жаңалықтар