Түркістанда 100-ге жуық жер телімінің иесі бағалау қорытындысына келісім берді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласын көркейту және кесене маңынан «Рухани-мәдени орталық» аймағын кеңейтуге қажетті жерді дайындау мақсатында мемлекет мұқтаждығы үшін 168 (14 кәсіпкерлік, 154 тұрғын үй) нысан мемлекетке қайтарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«168 нысанның бағалау жұмыстары 2, 025 млрд теңгені құраған. Аталған нысандардың 95 меншік иесі келісім беріп, оларға 1,139 млрд теңге төленеді. 44 нысанның меншік иесі келісім беруден бас тартуына байланысты сотқа талап-арыз жолдануда. Қалған 29 нысанның иесімен келіссөз жүріп жатыр. Бағалау жұмыстарын мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес, «Экспо Оценка» ЖШС жүргізді», - делінген хабарламада.

Бағалау сомасына келіспеген тұрғындардың наразылық білдіруіне байланысты облыс әкімі азаматтарды қабылдап, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

null Бұған дейін қала басшысы осы жайтқа қатысты бірнеше рет тұрғындармен кездескен болатын. Қазіргі таңда 29 адамнан құрылған арнайы штаб меншік иелерімен жұмыс жасауда.

Жұмыс тобының нәтижесінде үстіміздегі жылдың 28 қаңтарына дейін 95 меншік иесінің келісімі толығымен алынған. Бұл келісімі алынғандардың ішінен 41 меншік иесіне мемлекеттен 471 млн. теңге қаржы төленіп, оның ішінде бүгінгі күнге дейін 28-нысан бұзылды.

Бұзу жұмыстарына әкімдік тарапынан көмек тобы құрылып, арнайы техникалар мен жұмысшы тобы құрылыс материалдарын тұрғындардың қалаған мекен-жайларға жеткізіп беруде.null

Сонымен қатар, жер телімдері мен жылжымайтын мүлік иелерінің арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін және оларды баспанамен қамтамасыз ету жолдарын қарастыру үшін арнайы 14 жұмысшы топ құрылған. Осы топтың жұмыс нәтижесінде қаладағы 500-ге тарта сатылатын жеке үй анықталып, меншік иелеріне ұсыныстар жасалып отыр. Қала бойынша сатылатын үйлердің 90 пайызы 10-20 млн теңге аралығында.

Түркістан қаласында жердің әр сотығының кадастрлық құны 88 мың теңге болса, тұрғындарға нарық бағамы бойынша 515 мың теңге беріліп отыр. «Сондай-ақ, тұрғын үйдің құрылыс материалдарының түріне, сапасына (кірпіш, қыш, шлакоблок, шифер, іргетасы т.б.) қарай әрбір шаршы метріне берген 55 пен 90 мың теңге аралығындағы бағасына келіспей отырған 44 меншік иесі бар. Оларға қала әкімдігі және прокуратурасының мамандарымен кездесу өткізіп, мемлекеттің ұсынған қаржысына келіспеген жағдайда жеке бағалаушы жалдай алатындығы және шешімін сотқа ұсынуға құқылы екеніндігі түсіндірілді», - делінген хабарламада.

Кейбір тұрғындар тарапынан үй құжаттарында орын алған қателіктерді қайта рәсімдеуге әкімдік тарапынан заң талаптарына сәйкес кеңестер беріліп, қолдау көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар