Түркістанда 100-ден аса полицей марапатталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында ПД бастығы, полиция генерал-майоры, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков тәртіп сақшыларын Ата заңымызға 24 жыл толуына орай құттықтап, полиция қызметкерлеріне азаматтардың қауіпсіздігін сақтаудағы қызметте сәттілік пен кәсіби шеберлік тілейтінін жеткізді. Полицияның ашықтығы қағидасы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар барысын баяндап өтті.

«Конституция барлық заң салаларының негізі. Ал оның нормалары басқа заңдардың негізгі бастауы болып табылады. Тағылымды тарих еншісіне айналып үлгерген жиырма төрт жыл ішінде Ата Заңымыз мемлекетімізді толағай жетістіктерге жеткізіп, әлемдік қауымдастықтың белді мүшесіне айналдырды. Бүгінде қазақ елінің даңқы әлемге танылып, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін қарыштық қадамдар жасауда. Бұл Елбасымыздың табанды түрде жүргізіп отырған саясатының жемісі және жеңісі»,- деп атап өтті Қайрат Дәлбеков.

Департамент бастығы сонымен қатар еліміздің Ішкі істер министрлігі бұйрығымен адал еңбегі мен жоғары кәсіби жұмысы үшін Түркістан облысы ПД-нің 10-нан астам қызметкерін, Департамент бастығымен жұмыстағы жетістіктері үшін 100-ден аса полиция қызметкерін марапаттады.

Салтанатты шара соңы Түркістан қаласының Мәдениет үйінің әншілері ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.


Соңғы жаңалықтар