Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Түркістанда 10 гектар аумаққа «Хайвилл» компаниясы тұрғын үй кешенін салмақ

2018 жылғы 6 желтоқсан 16:10 112
Бөлісіңіз:
Түркістанда 10 гектар аумаққа «Хайвилл» компаниясы тұрғын үй кешенін салмақ

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «High Vill Kazakhstan» ЖШС-нің Бас директоры Канг Джон Дэмен кездесті. Басқосуда тараптар облыс орталығында тұрғын үй кешенін салу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғандағы апаттық жағдайдағы үйге қатысты мәселе шешімін тапты Биыл Түркістан облысында 2680 пәтер өз иесін тапты

Кездесуде аймақ басшысы Түркістан қаласының дамуы Елбасының ерекше назарында екенін және мұнда құрылыс жұмыстарымен айналысатын мердігер компанияларға әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін айтты.


Түркістанда 10 гектар аумаққа «Хайвилл» компаниясы тұрғын үй кешенін салмақ «Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс орталығын ерекше үлгіде қалыптастыруды көздеп отырмыз. Сондықтан мұнда салынатын әрбір ғимараттың сәулеті мен сәніне ерекше мән берілуде. Бүгінде тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, «Риксос» қонақүйі мен әкімшілік орталықтың капсуласы салынды. Осы ретте, Сіздердің де осында заманауи үлгідегі тұрғын үй кешенін салатындарыңызға үлкен сенім білдіремін. Ал, құрылыс жұмыстары жүргізілетін аумақтағы барлық инфрақұрылым мәселелері әкімдік тарапынан өз шешімін табатын болады. «High Vill Kazakhstan» серіктестігі - әзірге қаламызда тұрғын үй кешенін салатын бірінші және жалғыз компания. Айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарын мейлінше ерте бастап, 1 жылдың ішінде аяқтау керек», - деді Жансейіт Түймебаев.

Өз кезегінде Канг Джон Дэ тұрғын үй кешенін салу үшін жер учаскесі анықталса, құрылысты бастап кетуге дайын екенін жеткізді.

«Біз 5-10 гектарға аумаққа жаңа заманауи кешен салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба облыс орталығының жаңа келбетіне көрік беретін болады. Жуық арада барлық құжаттаманы әзірлеп, құрылыс жұмыстарына кірісеміз»,- деді Канг Джон Дэ.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT