Түркістан жаңалықтары

18.05.2023 17:07
17.05.2023 11:06
17.05.2023 10:38
16.05.2023 14:00
12.05.2023 19:34
12.05.2023 18:32
11.05.2023 21:23
11.05.2023 21:01
11.05.2023 18:52
06.05.2023 01:24
03.05.2023 07:21
03.05.2023 01:46
02.05.2023 00:38
30.04.2023 23:38
29.04.2023 16:50
21.04.2023 21:48
21.04.2023 19:40
21.04.2023 07:25
19.04.2023 17:44

1 2 3 4


Түркістан қаласы - Түркістан облысының орталығы.
2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президентінің жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан деп аталды, ал оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды;
Өңірдің басты мақтанышы әрі жауһары — Түркістан қаласы түркі дүниесінің рухани астанасы, оның бай тарихы, зор болашағы бар. Қала Ұлы Жібек жолының дәл ортасында орналасқан.
Телефон коды 8725 33
Тарихи туризмнің алтын бесігіне айналған Түркістан, отандық та, шетелдік те туристердің арасында аса танымал. Облыста туризмнің әлеуеті аса зор. Ежелден рухани астана ретінде саналып келген Түркістан жылына бір миллионнан астам туристі қабылдауға қауқарлы.
Түркістан қаласы халқының саны 193 591 адам.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков
Түркістан қаласы Шымкент қаласынан 170 км. қашықтықта орналасқан. Қаланың шығысы тарихи Отырармен, солтүстігі Кентау қаласы және Созақ ауданымен, батысы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі
Түркістан – көне заманда Шауғар деп атанған. Ұлы Жібек жолының бойында, Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында орналасқан ежелгі қала. Сол заманда шаһарға тырнадай тізілген қоңыраулы керуендер Батыстан да, Шығыстан да ағылып келіп жататын болған. Әлі күнге дейін Түркістанға келетін туристер саны жоғары.
Түркістан – ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды. ХІІ ғасырда сопылық ілімді белсенді ұстанушысы Қожа Ахмет Ясауи осы қалада жерленді. Ясауи өмірден өткен соң қабірінің басына үлкен мазар тұрғызылды. Мазар мыңдаған мұсылмандардың зиярат ететін орнына айналды. Кесенені тұрғызуға ұйытқы болған Әмір Темір.