Түркістан жыл соңына дейін 100 % газбен қамтылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылғалы отыр.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес шаһар тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша қызу жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдік пен «ҚазТрансГаз» АҚ ортасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде газ қосу үшін тапсырылатын құжаттар «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 2 күннің ішінде қарастырылатын болады.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Меиржан Мырзалиев газға қол жеткізген тұрғындармен кездесті. Бұл күні Алтынбеков көшесінде орналасқан тағы 30 үй газға қосылды.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 52 мың абоненттің 12 мыңнан астамы табиғи газ пайдаланып отыр. Оған қоса 36 мың абонентке газ қосу қолжетімді болып тұр. Бұл көрсеткіш қала тұрғындарының 68% құрайды. Күні кеше қаладағы Алтынбеков көшесінде тағы 30 отбасының үйіне табиғи газ тартылды.
Айта кетейік, Түркістан қаласын газдандыру 11 кезеңге бөлінген болатын. Бүгінгі таңда 10 кезеңнің құрылысы аяқталған. Қалған 1 кезеңін жүзеге асыру жүктелген мердігерлік ұйым «Отау Строй» ЖШС жыл соңына дейін 2 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға тапсыруы тиіс.
- Елордада үйге газ кіргізу құны 30% арзандады
- Елорданың Көктал-1 шағын ауданындағы үйлер мамырдан бастап газға қосылады
- Нұр-Сұлтанда үй ішіне газ кіргізу құны 30 пайызға арзандады
- Карантин: Ордабасыда 100 адамның басын қосып, көкпар берген
-
Түркістан облысының бас санитары мен басқарма басшысы бірінші болып вакцина салдырмақ
-
Кентауда қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам