Түркістан жұртшылығы партияның батыл бастамаларына қолдау білдірді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіне Түркістан облысынан 80-нен астам делегет қатысып қайтты. Делегация құрамында үкіметтік емес ұйым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен партия белсенділері, аумақтық филиалдар басшыларының бірінші орынбасарлары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел дамуына серпін беретін маңызды жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған тапсырмалар мен нақты жоспарларын ел назарына ұсынғаны белгілі. Осы ретте түркістандықтар Астана төрінде өткен алқалы жиын туралы өз пікірлерін білдірді. Партия ардагері әрі қоғам қайраткері Досыбай Шерімқұловтың айтуынша, бұл съездің орны өзге жиындардан бөлек болған.

«Бүгінгі «Нұр Отан» партиясының кезекті съезі «Елбасының жаңа әлеуметтік доктринасын» ұсынуымен құнды. Демек, елдегі жетекші саяси күш Президент айқындаған стратегия шеңберінде алдағы он жылда он басты мақсатқа қол жеткізуі тиіс. Отбасының бақуаттылығы, қолжетімді білім, қуатты ұлт, инклюзивті экономика, дамыған бизнес, жайлы өмір, азаматтардың мүддесі - енді мемлекеттің назарында. Съезде республика бюджетінің 45 пайызы әлеуметтік салаға жұмсалатын айрықша атап өтілді. Биылғы шілдеден бастап жалақысы төмен азаматтардың еңбек ақысын тағы 30 пайызға өсіру жөніндегі Елбасының тапсырмасы талай жанға қуаныш сыйлайтыны сөзсіз»,- дейді Досыбай Шерімқұлов.

Түркістаннан арнайы барған тағы бір делегат Жұлдыз Намаз Елбасының әлеуметтік мәселелерге баса мән беріп, қоғамдағы өзекті түйткілдердің шешімін ұсынғаны қуантты деп отыр.

«Жастар қауымы Отан алдындағы парызын жақсы түсінеді. Мемлекет басшысы «Мен өзіме сенім артқан халқымның болашақта емес, қазір бақытты болғанын көргім келеді» деп айтты. Ал бұл міндетті орындау үшін қоғам болып атсалысқан жөн», - дейді. «Жас Отан» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрайымы алдағы уақытта өңірде осы бағыттағы жұмыстар күшейтілетінін жеткізді»,- деді Жұлдыз Намаз.null

Сол сияқты Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің директоры, білікті бапкер Ғани Ахметбаев та алқалы жиынның қарапайым отбасылар үшін жағымды жаңалықтарға толы болғанын атап өтті.

«Көпбалалы отбасыларға жағдай жасау бағытында жұмыстар жүйеленіп, әр бала үшін 21 мың теңге берілетіні демографияға оң әсерін тигізеді. Сонымен бірге көпбалалы отбасылар үшін баспана алуда төмен пайыздар ұсынылуы жұртшылыққа шаттық сыйлады. Неге десеңіз, еліміздегі ең өзекті мәселе - баспана. Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы елімізді жаңа белестерге бастайтын құнды құжат деп есептеймін», - дейді ол.

null

Соңғы жаңалықтар