Түркістан жолдарынан 11 мыңнан астам ақау анықталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Полиция департаменті биылдыққа көше-жол желісіне 3 мыңнан астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде, жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 11 583 ақау анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, жыл басынан бері қабылданған шаралардың арқасында жол-көлік оқиғалары саны – 3,5 пайызға, олардың салдарынан қаза болғандарсаны – 7,8 пайызға төмендеген.

«Түркістан облысы жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды қашықтан анықтау үшін «ДРОН» пилотсыз ұшу аппаратын қолдана бастады. Бейнебақылау камералардың саны 100-ден 141-ге дейін ұлғайып, облыстық маңызы бар жолдарға 26-сы орнатылды. Олардың көмегімен 255 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды. Жылдамдық режимін автоматты тіркейтін бес мобильді «Кибер-Шериф» кешені іске қосылды. Олармен 300-ден астам құқықбұзушылық анықталды», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, Түркістан облысы аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 мың шақырымнан асады.


Соңғы жаңалықтар