Түркістан жастары «WorldSkills Kazakhstan - 2018» Ұлттық чемпионатында топ жарды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан жастары «WorldSkills Kazakhstan - 2018» Ұлттық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

WorldSkills - жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында әлемнің 82 мемлекетіне таралған халықаралық қауымдастық. Оның құрамына Қазақстан 2014 жылы 70-ші қатысушы мемлекет болып тіркелген.

WorldSkills қозғалысын дамытудың негізгі мақсаты - кәсіптік білім берудегі техникалық, қызмет көрсету және құрылыс салалары бойынша қатысушылардың тәжірибелік дайындығын, кәсіптік біліктілігін, шығармашылығы мен жоғары еңбек мәдениетін, заманауи, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды іс жүзінде қолдана алу біліктілігін сынау.null

Астана қаласында өткен «WorldSkills Kazakhstan - 2018» Ұлттық чемпионатына Түркістан облысынан 9 студент қатысып, оның алтауы жүлделі орындарға ие болды.  Ұлттық чемпионаттың жабылу салтанатына ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев арнайы қатысып, колледж студенттері мен білікті жас мамандарды марапаттады.

Атап айтқанда, Кентау көпсалалы колледжінің студенті Мақсат Искандаров «Сантехника және жылыту» санаты бойынша, Шымкент аграрлық колледжінің студенті Нұрбах Шыныбек «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың слесарь-жөндеушісі» бойынша алтын медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, Шардара қаласындағы №16 колледж студенттері Дәулет Төлебаев «Плиткамен қаптау» бойынша, Жанарыс Таубай «Құрғақ құрылыс» бойынша, ал Кентау политехникалық колледжінің студенті Өмірбек Халимов «Электроника» санатында күміс медальдарға ие болды. Сонымен бірге, «Шаштараз өнері» бойынша Мирас колледжінің түлегі Олжас Артықбай қола медальды иемденді.

 

 

Соңғы жаңалықтар