Түркістан және Жамбыл облыстарында жел күшейіп, қалың қар жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, екі облыста ауа райы күрт құбылады.

20 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

20 желтоқсанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Тараз қаласында алдағы сағаттарда, 20 желтоқсанда түнде және таңертең қалың қар жауады, тұман түседі және көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар