Түркістан және Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан және Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

16 қаңтар күні Түркістан облысына тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, түнде солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

16-18 қаңтар күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сейілмейді, 16 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ болады.

Дауыл соғу қаупі - 90-95%.

Соңғы жаңалықтар