Түркістан және Қызылорда облыстарында күн күркіреп, жел күшейеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер еліміздің екі өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Түркістан қаласында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

14 қыркүйек таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз жел қарқыны кей жерлерде - 15-20 м/с.


Соңғы жаңалықтар