Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірнеше өңірде нөсер жаңбыр жауатын болғандықтан таулы жердегі өзендерде су деңгейі көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

18-20 мамырда болжамға сәйкес, көп мөлшерде жауын-шашын түседі деп күтілетіндіктен Түркістан облысындағы тау беткейлерінде ағын қалыптасады және өзендердегі су деңгейі көтерілуі ықтимал.

19-20 мамырда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады деп болжанғандықтан, Жамбыл және Алматы облыстарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында беткейлерден ағатын су көбейіп, өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар